Қасиетті Қадір түніне орай Шу ауданындағы барлық мешіттерде рухани шаралар ұйымдастырылып, жамағатқа ерекше жағдай жасалды. «Қадір түнім – қасиетім» тақырыбында ауданға қарасты 13 мешітте Құран хатымы аяқталып, арнайы дұғалар оқылды.
Шара барысында қарияларға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Сонымен қатар жамағат арасында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Қасиетті түнде жамағат мешіттерге жиналып, құлшылық жасап, ел амандығы мен берекесі үшін дұға тіледі. Рухани кештер жамағаттың бірлігін арттырып, Қадір түнінің қадір-қасиетін терең сезінуге мүмкіндік берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

