Жуалы ауданы, Кәріқорған ауылдық «Тасбастау» мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынща насихат айтылды.
Мешіт молдасыы Әуезхан Мамышұлы жамағатқа-Ислам шариғатында бес негіздің бірі – намаз құлшылығы. Намаз кәмелетке толған барша ер мен әйелге парыз болғанымен, орындалуы міндет болмаған намаздар да бар. Оларды шариғи тілмен нәпіл намаздар деп атайды. Бұл намаздарды оқыған адам көп сауапқа кенелсе, орындамаған кісіге күнә тағылмайды. Ол нәпіл намаздардың өзіндік деңгейлері мен ерекшеліктері бар, – деп әсерлі насихат айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Март 2026
25 Рамадан 1447

