Жуалы ауданы, Қосбөлтек ауылдық «Ән-Нұр» мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынща насихат айтылды. Мешіт имамы Алғабек Тұрдалыұлы жамағатқа-Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмметіне қатты жанашыр, әрі қамқор еді.
Сондықтан ол мүміндерге уағыз-насихат айтып, оларды ізгі амалдар жасауға бағыттайтын. Оларды құлшылықта босаңсудан және бүгінгі ғибадатты ертеңге қалдырудан сақтандырып, мұның қауіпті екенін ескертетін. Өйткені мұсылман адам ертеңгі күннің өзімен бірге не алып келерін білмейді.- деп кеңінен түсіндіріп айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


14 Март 2026
25 Рамадан 1447

