«Төле би» ауылында көпбалалы отбасының үйі өрт салдарынан зақымданып, отбасы қиын жағдайға тап болды. Осындай сәтте ауыл тұрғындары бейжай қалмай, қолдау көрсетті.
«Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен жамағат пен қайырымды демеуші азаматтардың көмегі ұйымдастырылып, зардап шеккен отбасыға 250 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды. Сонымен қатар, демеуші азаматтар үйдің зақымданған терезелерін жөндеуге көмектесетіндерін жеткізді.
Бұл игі іс – халқымыздың бірлігі мен бауырмалдығының, қиын сәтте бір-біріне қолдау көрсететін ізгі дәстүрінің айқын көрінісі.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



14 Март 2026
25 Рамадан 1447

