Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы «Байзақ баба» орталық мешітінде Рамазан айында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында мешітке келуші жамағатқа «Адалдық – мұсылман болмысының айнасы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Бас имам уағыз барысында: «Адалдық – әрбір мұсылманның жүрегінде болуы тиіс қасиет. Біз өмірімізде әділдік пен шындыққа сүйеніп, өз ісімізді адал орындау арқылы ғана қоғамда сенім мен сыйластықты сақтай аламыз», - деп атап өтті.



19 Июнь 2026
3 Мухаррам 1448

