«Төле би» мешітінде қасиетті Рамазан айында әйел-қыздар жамағатына арналған ауызашар дастарханы жайылды. Рухани кешке жиналған жамағат бірге дұға жасап, ауыз ашып, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара барысында Рамазан айының қадір-қасиеті, сабыр мен мейірімнің маңызы жайында насихат айтылып, әйел-аналардың қоғамдағы орны ерекше екені атап өтілді.
Берекелі басқосу бірлік пен бауырмалдықты арттырып, жамағаттың рухани байланысын нығайтты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



04 Ноябрь 2026
23 Джумада-авваль 1448

