Ұлы ғұлама Имам Ғазали: «Насихат айту – дініміздегі әуелгі міндет» деп түсіндірген. Расында, біреудің жақсылығына себеп болу – үлкен сауап. Сондықтан игілікке үндеп, пайдалы кеңес беру әрбір мұсылманның жауапкершілігі екені сөзсіз. Осыған орай, Жамбыл облысы, Қордай ауданы аумағындағы «Рахман» мешітінде аудан ұстаздары әйел жамағатына арнайы насихат айтты.
Кездесу барысында қасиетті Рамазан айының артықшылықтары, сауапты амалдары және күнделікті өмірде тиімді пайдалану жолдары кеңінен түсіндірілді. Жиында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани дайындықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Алла Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл етіп, Рамазан айының берекесін көруді нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



15 Март 2026
26 Рамадан 1447

