Қасиетті Рамазан айына орай Түрксиб мешіті бастамасымен қайырымдылық челленджі қолға алынды. Игі шара аясында күн сайын бір отбасыға азық - түлік себеті таратылып , мұқтаж жандарға қолдау көрсетілмек.
Челлендждің басты мақсаты - сауапты айда қайырымдылық жасап, көпшілікті ізгі амалдарға үндеп, бірлік пен жанашырлықты арттыру. Ұйымдастырушылар жамағатты және барша тұрғындарды игі іске атсалысуға шақырады.
Рамазан - мейірім мен кешірім айы. Осындай игі бастамалар қоғамдағы қамқорлық пен татулықты нығайта түсері анық.


15 Март 2026
26 Рамадан 1447

