Мойынқұм ауданындағы Мәдениет үйінде «Айлардың сұлтаны – Рамазан» атты рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Кеш барысында қасиетті айдың қадір-қасиетін ұлықтаған әндер шырқалып, тағылымды өлеңдер оқылды. Сонымен қатар, Рамазан айының артықшылықтары, оразаның тәрбиелік мәні мен сауаптары жайында насихат айтылып, көпшілікке рухани ой салынды.
Іс-шараға жиналған қауым қасиетті айдың шапағатын сезініп, бірлік пен бауырмалдықтың маңызын терең түсінді. Рухани мазмұнға толы кеш көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Мойынқұм ауданының «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



20 Июнь 2026
4 Мухаррам 1448

