«Мойынқұм» мешітінің наиб имамы Тұратбек Бердіқожаев жамағатқа дін мен дәстүр тақырыбында уағыз жүргізді. Имам қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен ислам дінінің сабақтастығы туралы айтты, жат ағымдардан сақтанудың маңызын түсіндірді.
Уағыз барысында дін маманы: «Дін мен дәстүр — біздің рухани байлығымыз. Оларды сақтап, бойға сіңіру әрқайсымыздың парызымыз», — деп жамағатқа уағыздан рухани азық алып, күнделікті өмірде дәстүр мен діни құндылықтарды ұстануға ниет білдірді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



04 Март 2026
15 Рамадан 1447

