Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің ұстазы Клара Диханбайқызы және Асыл Аналар ұжымының ұйымдастыруымен Құран хатым кешінде «Отбасы ұлт құндылығы» рухани кешінде «Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйспеншілігі, мейірімділігі, ұрпақ өрбіту» турасында талқыланды.
Көпшіліктің жүрегінен орын алған бүлдіршіннің тұсауын кесу рәсімін өткізіп, шашу шашылды. Жиын соңында оқушыларға «Ауызбіршілікті нығайту» аясында уағыз-насихат айтылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



31 Январь 2026
12 Шаабан 1447

