Әбілхан қажы мешітінде жамағат бірлігін нығайтқан игі іс жүзеге асты. Мешіт имамы Хеурза Асановтың бастамасымен Алланың үйінің сырты мен ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шараға мешіт жамағаты белсене қатысып, ауласы мен айналасын қоқыстан тазартып, мешітке лайық көркем келбет қалыптастырды. Бұл игі амал жамағаттың ауызбіршілігін арттырып қана қоймай, тазалықтың иманның бір бөлігі екенін іс жүзінде көрсетті.
Мұндай шаралар мешіт мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға үндейтіні сөзсіз.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.



19 Январь 2026
30 Раджаб 1447

