Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің жамағаты «Абай Құнанбайұлы» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрболат Аманбайұлымен жүздесті.
РАНТ мүшесі «Ханафи мәзһабын ұстанудың маңыздылығы» тақырыбында жамағатқа көркем уағыз-насихат айтты. Насихат барысында Нұрболат Аманбайұлы қазақ топырағында ғасырлар бойы жасап келе жатқан Ислам дінінің Ханафи мектебі төзімділігімен, Ислам құндылықтарын түсіндіруде шебер тәжірибесімен ерекшеленетінін атап өтті.
Сондай-ақ, аят, хадистерге амал ету үшін ғалымдарға мұқтаж екенімізді тілге тиек етті. Уағыз соңында асыл дініміздің: ешкімді өлтірме, жақыныңа көмектес, кешіре біл, еңбек ет, отбасын құр, ұрпақ өсір секілді көркем қағидасымен бейбіт елімізде аман өмір сүруіміз үшін жамағатпен бірге дұға жасады.



15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

