Жамбыл аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке жиналған жамағатқа "Уақып - қайырлы амал" тақырыбында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Діни уақып дегеніміз – құлшылық жасауға, білім алуға арналған жылжымайтын мүліктер (мешіт, медресе, жоғары діни оқу орны, қайырымдылық мекемесі, т.б.). Сонымен қатар, қайырымдылық уақып бағыты да қарқын алды.
Қайырымдылық уақып дегеніміз – жылжымайтын мүлік пен қаржы көздерін сауапты істерге жұмсау. Біздің елімізде мұсылмандар арасында уақып едәуір дамып келеді. Өйткені асыл дініміз өзгелерге көмектесуге, қамкөңіл жандардың қамын жеуге үндейді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



16 Январь 2026
27 Раджаб 1447

