Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық әкімшілік үйінде Жуалы аудан бас имамы Таласбаев Есет Тұрдыбайұлы және ауыл әкімі Күсембаев Рәтбек ауыл тұрғындары және зиялы қауым өкілдерімен кездесу жиыны өтті.
«Толымбай тегі Зиябек» ауылдық орталық мешітінің бас имамы Есет Тұрдыбайұлы ауылдық әкімшілік үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу барысында бауырмашылдық және исламдағы туыстық қарым-қатынас турасында-, Мал сойып, қонақ күткіңіз келді ме? Туысыңызды төрге шығарудан бастаңыз. Ауырса халін сұрап, қарыз сұраса тауып беруге ұмтылу да – мұсылманның ең көркем амалдарынан. Адамның бойында өзіне жақсылық жасағанға жылулық оянатын қасиет бар. Осыдан кейін туыстарыңыз да сіз туралы жақсы ойлап, қиын-қыстау сәтте арқаңызды қағуға асығады деп асыл дініміздің түпкі мақсаттарын баяндады.
Ауыл тұрғындар уағызды мұқият тыңдап, мол мағлұмат алды. Өздерін мазалаған сауалдарын қойып, дін маманынан тиісті жауап алды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



17 Январь 2026
28 Раджаб 1447

