Қарабөгет ауылының «Қарабөгет» мешітінің имамы Арсен Құлтаев ауыл әкімшілігінде жергілікті тұрғындармен кездесіп, «Дін мен дәстүр» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат жүргізді.
Жиын барысында имам қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының өзара үндестігін түсіндіріп, дәстүр мен тәрбиенің қоғамдағы рөлін атап өтті. Қатысушылар рухани тақырыптағы ой-пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Бұл басқосу ауылдағы рухани бірлікті күшейтіп, ұлттық құндылықтарды тереңірек тануына ықпал етті.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Март 2026
16 Рамадан 1447

