Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Аса ауылы, Домалақ ана мешітінде жиналған жамағатқа "Ихсан - тәрбие негізі" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Иман мен құлшылықтың ләззатын сезіну үшін әуелі адам бойынан ихсан көрініс беруі керек.
Өйткені ихсан – иман мен құлшылықты байланыстырып, ішкі жан дүниені тәрбиелейтін, байытатын рухани ілім. Ихсан – нәпсі тәрбиесі. Мұсылман баласы кемелдікке жету үшін ең алдымен өз-өзінен есеп алып, нәпсісін тәрбиелеу арқылы Аллаға жақындататын амалдарда ілгерілей түседі.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


10 Март 2026
21 Рамадан 1447

