Аудандық Қаратау қажы би орталық мешітінде өткен аудандық имамдар жиналысы аясында "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы арнайы түсіндіру уағыз- насихатын айтып өтті.
Ахат имам өз баяндамасында жат ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен олардан сақтанудың жолдарына тоқталып, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жамағатты жат ағымдардан алдын ала сақтандыруға бағытталған шараларды тиімді жүргізу жолдары жайлы нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Аудандық Қаратау Қажы би Орталық мешітінің баспасөз қызметі.



22 Январь 2026
3 Шаабан 1447

