«Бірлікүстем» мешітінде игілікті іс жалғасын тауып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ізгі ниетті үш бауыр үш бас қой сойып, ауылдағы аз қамтылған 9 отбасыға үлестірді.
Бұл шара мұсылман қауымына тән бауырмалдық пен мейірімділіктің жарқын көрінісіне айналды. Жиналған жамағат Алла разылығы үшін атқарылған амалды қуана қабылдап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Іс-шараға жұмсалған жалпы қаржы көлемі 210 000 теңгені құрады. Осындай қайырымдылық істері ауыл бірлігін нығайтып, қоғамдағы рухани татулық пен сүйіспеншілікті арттыра түсері сөзсіз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Ноябрь 2025
20 Джумада-авваль 1447

