РАНТ мүшесі, ҚМДБ Пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл өңірінің қала және аудан бойынша пәтуәға жауапты имамдарына арнайы семинар өткізді. Шараға Пәтуа бөлімінің Жамбыл облысындағы жауапты маманы Әбдіқадір Сейтқали қатысты.
Жиында Пәтуа бөлімінің жұмысы, пәтуаның қалай қабылданатыны және оны халыққа дұрыс жеткізудің маңызы түсіндірілді. Медет Құрмашұлы имамдардың өздігінен пәтуа бермейтінін, бұл жауапкершілік ҚМДБ-ның ғалымдарына тиесілі екенін атап өтті. Ал дін қызметкерлерінің міндеті – мүфтият бекіткен пәтуаларды жамағатқа жеткізу, сұрақтарға шариғат негізінде түсінік беру.
Семинар барысында қоғамда жиі кездесетін діни мәселелер талқыланып, имамдардың сауалдарына жауап берілді. Медет Құрмашұлы дін қызметкерлеріне әрбір пәтуаның үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
Бұл шара дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге әрі пәтуаларды дұрыс түсіндіріп, халыққа сауатты жеткізуіне септігін тигізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



12 Ноябрь 2025
21 Джумада-авваль 1447

