Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тағы ең үлкен мешітті ашты. Бұл туралы Turkiye Gazetesi жазады.
Ердоған Вашингтонға жасаған ресми сапарының аясында АҚШ-тағы ең үлкен әрі қос мұнаралы жалғыз мешіт және Америка Дін орталығында орналасқан мешіттің ашылу салтанатына қатысты. Жаңа мешіт Османлы архитектурасымен салынған және оған 1 750 адам сыяды.
muslim.kz