Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешіт жамағатына "Әр мұсылман бауырың!" тақырыбында уағыз айтып, дін бауырластықтың маңыздылығы жайында сөз қозғады. Имам уағыз барысында: "Исламдағы бауырластық мәселесі ең маңызды қасиеттердің бірі. Сол себепті мұсылмандар өзін жақсы көргені сияқты басқаларын да жақсы көріп, оған жәрдем беруі тиіс. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендердің ешбірің өзі жақсы көрген нәрсесін бауыры үшін де жақсы көрмейінше толық иман келтірмейді»,-деп айтқан. (Бұхари).
Исламда адамдардың бір біріне мейірім мен сүйіспеншілік танытуы, барлық уақытта бауырына демеу көрсетуі, оған жәрдем беруі – бауырластық. Егер мұсылман бауыры қиын жағдайға тап болса, басқалары оған қолынан келгенше сөзімен және мүлкімен жәрдем көрсетеді" деп маңыздылығын түсіндірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Март 2026
23 Рамадан 1447

