Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Қожахметов Халит Шу ауданына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында ол ҚМДБ-ға қарасты ескі мешіттердің ахуалымен танысып, олардың бүгінгі жағдайын жан-жақты зерделеді.
Әсіресе ғимараттардың ішкі-сыртқы құрылымдары, техникалық талаптарға сәйкестігі мен жөндеу қажеттілігі қаралды. Сондай-ақ мешіттерге қатысты құжаттарды тіркеу және жою мәселелері басты назарда болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Ноябрь 2025
23 Джумада-авваль 1447

