Тараз қаласы "Ар – Рахман Ар – Рахим" мешітінде игі дәстүр жалғасын тауып, қайырымдылық шарасы өтті. Мешіттің имамы Ембергенов Амангелді бас болып, жамағаттың қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.
Атап айтқанда, 10 отбасыға қажетті азық-түлік ретінде қызанақ үйлестірілді. Әрбір шаңыраққа бір-бір қораптан, барлығы 10 қорап қызанақ таратылды. Бұл шара әр жанұяға аз да болса септігін тигізіп, қуаныш сыйлады.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халық даналығына сай жасалған бұл іс – бірліктің, мейірімділіктің белгісі. Алла разылығы үшін жасалған қайырымдылық амалы – мұсылман қауымына үлкен сауап әкелетін игі іс.
Имам Ембергенов Амангелді қайырымдылық шараларын тұрақты түрде жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, мешіт тарапынан алдағы уақытта да көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.



15 Ноябрь 2025
24 Джумада-авваль 1447

