«Асым ата» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында бір бас қой сойылып, еті әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж 5 отбасыға таратылды. Сонымен қатар әр отбасыға күнделікті қажетті азық-түлік табысталды.
Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 100 000 теңгені құрады. Көмек алған отбасылар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын арнады.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.


15 Ноябрь 2025
24 Джумада-авваль 1447

