Хадис шарифте: «Намаздың кілті – тазалық, оны (намазды) қасиетті құлшылыққа айналдыратын нәрсе – такбир, ал одан шығаратын нәрсе – сәлем» деп айтылған. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Барыс мөлтек ауданындағы «Нұр Ислам» мешітінде тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Әйел-қыздар жамағаты мешіттің ішкі және сыртқы терезелерін жуып, тазалық жұмыстарын атқарды. Алланың үйін көркейтуге, таза ұстауға үлес қосқан жамағатқа Алланың нұры жаусын!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



16 Ноябрь 2025
25 Джумада-авваль 1447

