Тоғай ауылындағы мешіт жамағатының ұйымдастыруымен игі іс атқарылды. Бір қой құрбандыққа шалынып, еті ауылдағы бес отбасыға таратылды. Шараға жалпы 100 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды.
Бұл қайырымдылық – ауыл тұрғындары арасындағы бауырмалдық пен өзара қолдаудың айқын көрінісі болды. Көмек алған жандар шынайы алғыстарын айтып, қуаныш сезіміне бөленді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


29 Июль 2026
13 Сафар 1448

