некелесу — Алланың бұйрығы. Ол адамды зинадан қорғайды, ұрпақты дұрыс жолмен жалғастыруды қамтамасыз етеді. Құранда былай делінген: «Олармен (әйелдермен) тыныштық табу үшін сендерге жұбайлар жаратқан әрі араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салғаны – Оның белгілерінің бірі» (Рум сүресі, 21-аят) Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: «Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетімнен бас тартса, ол менің үмбетімнен емес» (Бухари)
Ер адам — отбасының жауапты басшысы, ризық табушы, қорғаушы. Әйел адам — отбасының ұйытқысы, бала тәрбиесінің негізі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әрбірің – бақташысың, және әрқайсың өз қарамағындағыға жауапты» — деді.
Баланың бойына иман, әдеп, білім сіңіру – ата-ананың басты міндеті. Құранда былай делінген: «Ей, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасыларыңды тозақ отынан қорғаңдар...» (Тахрим сүресі, 6-аят)
Исламда сабыр мен кешірімділік — берекелі отбасының негізі. Дауларды сабырмен шешу, бір-бірін түсініп, құрметтеу – отбасын ұзақ сақтайды. Исламда отбасы – тек әлеуметтік бірлік емес, Алланың рақымы мен нығметі. Отбасының тыныштығы – қоғамның да, ұлттың да болашағы. Сондықтан әрбір мұсылман отбасы шариғат негізінде құрылып, Алланың разылығы үшін өмір сүруі қажет.