Жақсылық – жан жылуы. Осы асыл ұстанымды арқау еткен «Әбу Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 15 мұқтаж жандарға қаржылай сыйлықтар табысталды.
Мешіт ішіне жиылған жандарға мейірім мен жанашырлықтың шуағы төгілді. Қаржылай сыйлықтар – тек материалдық көмек емес, жүректен шыққан мейірім мен рухани демеу болды.
Тұрғындар ризалықтарын білдіріп, алғыстарып айтып, ақжаулықты аналарымыз баталарын берді.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.



30 Январь 2026
11 Шаабан 1447

