Игілік пен қамқорлық жолында тағы бір үлгілі іс-шара жүзеге асты. Тараз қаласындағы «Тұрғани» мешітінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж 45 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл қайырымдылық шарасы мешіт ұжымы қолдауымен ұйымдастырылып, тұрмысы төмен, көпбалалы және жалғызбасты аналарға көмек көрсетілді. Себеттерге күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері – ұн, май, қант, күріш және макарон сияқты тағамдар салынған.
Мешіт имамының айтуынша, бұл — жамағатты қамқорлыққа, бірлік пен мейірімділікке баулитын маңызды шаралардың бірі.
Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, мешіт ұжымына ризашылықтарын жеткізді.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.



02 Февраль 2026
14 Шаабан 1447

