Жазғы демалыс кезінде өтіп жатқан «Имани жаз – 2025» діни сауат ашу курсы аясында Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінің шәкірттері жұма күні ерекше шараға қатысты. Ұстаз Ғалия Байториеваның жетекшілігімен курс қатысушылары «Family Time» ойын-сауық орталығына саяхат жасап, көңілді демалыс өткізді.
Бұл демалыс күні балалар үшін қызықты әрі танымдық іс-шара ретінде ұйымдастырылды. Шәкірттер бір-бірімен жақынырақ танысып, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайта түсті.
Ұстаздың айтуынша, мұндай серуендер балалардың рухани тәрбиесін толықтырып қана қоймай, олардың бойына ұжымшылдық пен бауырмалдылық сынды қасиеттерді дарытады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



02 Февраль 2026
14 Шаабан 1447

