Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, мешітке жиналған жамағатқа «Құрбан шалудың маңызы» атты тақырыпта үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбандық шалу. Осы арқылы пенде Алла Тағалаға жақын болады, күнәлары кешіріледі.
Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкіршілік білдіреді, бай мен кедейге кеңшілік жасалады. Қиямет күні шалған құрбандығы пенденің пайдасына куәлік етеді. Бауыздалатын малдың тамағына пышақ тартқанда шыққан қан жерге түспей тұрып, оның сауабы Алла Тағаланың құзырына жетіп барады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



03 Июнь 2026
17 Зуль-хиджа 1447

