Жаңатұрмыс ауылдық мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай балаларға тәттілер таратылды. Осылайша бүлдіршіндерге айттық көңіл-күй сыйланды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Алла Тағала алдындағы ен қайырлы күндер ол – құрбан айт күні мен зулхижжа айының 11-ші күні», – деген. Ең қайырлы әрі мұсылманның мейрамы саналатын айт мерекесін ескеріп, ауылға айттық көңіл-күй сыйлаған имам мен мешіт жамағатына Алла разы болғай!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі


06 Ноябрь 2026
25 Джумада-авваль 1448

