Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Одақ әскери күшінде (Ресей, Ұлыбритания, Франция және т.б.) мұсылмандар бұрынғы деректе көрсетілгеннен екі есеге көп болған.
Британ ғалымдары сұрапыл жылдар туралы тарихи құжаттар мен қолжазба хаттарды зерттей келе осындай тұжырым жасап отыр. Олардың айтуынша, 885 мың мұсылман одақ әскері қатарында болды. Ал қаза болғандар саны бұған дейінгі көрсетілген деректен екі есеге көп – 89 мың.
«Олар одақ әскерінің жеңіске жетуінде үлкен үлес қосты» дейді британ зерттеушілері.