Шымкентте мектеп оқушыларына орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін

Шымкентте мектеп оқушыларына орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шымкенттік мектеп оқушылары үшін орамал тағуға рұқсат берілуі мүмкін.

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

Келесі жылдан бастап мектеп шәкірттері кеудесінде «Шымкент мектебі» деген бірыңғай жазуы бар костюм киеді. Білім және ғылым министрлігінің жақында ғана бекіткен талаптарына сай, мектеп формасы 3 түстен аспауы керек.

Қалалық білім бөлімінің мамандары бірыңғай енген жаңалыққа діни көзқарастағы форманың қатысы жоқ деп түсіндірді. Демек, сабаққа орамал тағып келетін оқушылардың еркі өзінде. Тек келте балақ шалбар киюге болмайды.

Ал, мектеп формасының бағасы 10-12 мың теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын бекіткен болатын. Аталған ережеге сәйкес, оқушылардың хиджап киюіне рұқсат етілмейді.

 Nur.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: