Мұқтаждарға арналған тегін мейрамхана жұмыс жасауда.

Мұқтаждарға арналған тегін мейрамхана жұмыс жасауда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Американың Канзас-Сити қаласында ашылған мұқтаж жандарды тамақтандыруға арналған арнайы асхананың орнында осы мұқтаждарды тамақтандыратын ерекше мейрамхана жұмысын бастады. Мейрамхананың әдеткі қонағы сияқты жағдайы жоқтар мен үйсіздерді кіреберістен күтіп алып, дастарханға жайғастырып, қолыңызға ас мәзірін ұсынатын бұл мейрамхананың қызмет көрсетуінде басқалардан еш айырмашылық жоқ. Басты ерекшелік – ас ішіп болғасын ақша төлемейсіз. Тегін мейрамханада тамақтандыру үшін жұмыс күндері сағат 11.00-14.00. аралығында келсеңіз болғаны.

Мұндағы тағамдарды Канзас-Ситидегі атақты мейрамханалардың қожайыны, аспазшы Майкл Карридың өзі дайындайды. Ол өзінің бір кездері мұқтаждықта өмір сүргенін, қайырымды жандардың көмегімен талай рет тегін тамақтанғанын есіне алады. Ал, бүгінде байлыққа қолы жеткен ол мұқтаж жандарға осылайша жәрдемдесуді жөн санаған. Оның ас мәзірінде денсаулыққа пайдалы, дәмді тағамдардан тұрады.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: