Еңбек ауылы «Ал-Қадир» мешітінің алдына жақсылыққа жаны құмар жамағаттан демеушілері есебінен бастырма жасалды. Күннің суығында, жаңбыр, қар жауған кезде ашық алаңда намазда тұру, аулаға аяқ киім, т.б. заттарды қалдыру, өте қолайсыз болған себепті, осы ауылдың аға буын өкілдері өздерінің аттарынан игі бастаманы қаржыландырып, бастырма құрлысына үлес қосып мешітке сыйлады. Ауыл имамы осы игі шараны ұйымдастырған жандарға алғысын білдірді Алла Тағала барша қайырымды жандарға сауаптан жазсын!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


30 Март 2026
11 Шавваль 1447

