Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы Ұлттық ойын көкпарға қатысып, ойын басында сөз сөйлеп, палуандар жығылған, сүрінгеннен аман болсын деп, ақ батасын берді. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрімізге сай киіз үй тігіліп, ауыл тұрғындарына ас берілді. Алланың кәламы құран оқылып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған ата-баба рухына, марқұмдарға дұға жасалды.
Қазақ халқы ерте заманнан салт-дәстүрді берік ұстанғаны, әр дәстүрдің өзіндік тәрбиелік мәні болғаны белгілі. Дегенмен технология дамыған заманауи заманда ата-баба салты ұмыт болып бара жатқандай көрінетіні жасырын емес. Бұл ретте ескіні жаңартып, бұрынғыны жаңғырту ұлттық руханиятымызды көтеру, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу үшін аса маңызды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі