Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін босқындар командаларын құру идеясын бекітті.
«Құрамаға 5-10 спортшы кіреді деп ойлаймын. Бұл команданы құрып, біз бүкіл әлемдегі босқындарға үміт сыйлағымыз келеді», - дейді ХОК президенті Томас Бах.
Айта кетер жайт, ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал спортшылардың ойындарға қатысуының барлық шығындарын ХОК қадағалауындағы «Олимпиадалық ынтымақтастық» ұйымы өз мойнына алып отыр.
Alashainasy.kz


14 Январь 2026
25 Раджаб 1447

