Пәкістан фильмі «Оскар» марапатына ие болды

Пәкістан фильмі «Оскар» марапатына ие болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шармин Обаид-Чиной есімді пәкістандық режиссердің ел аумағында кең тараған «ар жазасы» жайында түсірілген туындысы «Ең үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Оскар-2016» марапатына ие болды.

Айта кетсек, Пәкістанда «ар жазасы» қыздың немесе ұлдың олардың келісімінсіз жасалған некеден бас тартып, өз таңдауларымен кетуіне байланысты қолданылады. Елде бұл жазаны қолдану қылмыс саналмайды, сондай-ақ ол үшін ешкім заң алдында жауапқа тартылмайды. Режиссер осы мәселелерді фильмге арқау еткен.

«Сіздер Пәкістанның кез келген қала-ауданына келгенде мұндағы халықтың «ар жазасын» қылмыс деп санамайтынына куә боласыз. Неге? Себебі, бұл үшін ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Осы нәрсені қолданған тарапты жауапқа тартатын сот жоқ. Мұның дінмен де байланысы жоқ. Осылайша, еленбейтін қылмыс болып тасада қалып келеді» дейді режиссер.

Қоғамға қозғау салған туындыға Пәкістан билігі де назар аударды. Ақпан айының соңында премьер-министр Наваз Шариф режиссер Шармин Обаид-Чиноймен кездесіп, үкімет «ар жазасын» тоқтатуға күш салатынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ халық арасында тараған құбылыстың ислам дініне қатысы жоқтығын да атап өтті.

e-islam

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: