Жуалы ауданы, Теріс және Бақалы ауылдарының тұрғындары бірліктің белгісі ретінде тасаттық садақасын ұйымдастырды.
Алаңда жиналған жамағатқа «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Мұсағалиұлы Бауыржан истисқа – жаңбыр тілеу дұғасының мәні мен маңызына тоқталып, жауын-шашын мен жердің берекесі үшін Аллаға жалбарынудың шариғи жолдарын түсіндірді.
Көпшілікке арнап берілген тасаттық садақасы – ауыл берекесінің, жамағат татулығының жарқын көрінісі болды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



25 Май 2026
8 Зуль-хиджа 1447

