Жаңару күніне орай Шу ауданына қарасты Шоқпар ауылында жүрек жылытар игі шара өтті. Данияр Табаевтың ұйымдастыруымен ғасыр жасаған әжеміз ауыл жастарының ортасында ағаш отырғызып, ұрпаққа ізгі тілек-батасын берді.
100 жасқа келген қария әжеміз Жер-Ананы аялап, табиғатты қорғау – адамзаттың ортақ парызы екенін айтып, ағаш отырғызу арқылы көпке үлгі көрсетті. Шара барысында ауыл тұрғындары арнайы дастархан жайып, әжеге құрмет ретінде кілем тарту етіп, ақжарма тілектерін арнады.
Бұл — тек мерекелік шара ғана емес, үлкеннің ақыл-өсиеті мен жастардың құрметі тоғысқан тәрбиелік мәні зор басқосу болды. Әженің даналық сөздері мен батасы қатысушылардың жүрегіне жылы әсер қалдырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Ноябрь 2025
25 Джумада-авваль 1447

