Үнділік Удипи қаласында «Құран Кәрім – баршаға» атты науқан басталды.
Бір айға жоспарланған шара аясында қала бойынша дін өкілдерімен, оның ішінде саяси ұйымдар көшбасшылары мен белгілі ғалымдармен бұқаралық кездесулер ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, Удипи тұрғындарына Құран Кәрімнің ағылшын және жергілікті байырғы тілдеріне аударылған нұсқалары, буклет, брошюралар таратылады.
«Науқанның мақсаты – ислам діні мен мұсылмандарға қатысты аңыз әңгімелер мен жалған сөздерді тоқтату. Біз осы арқылы бүгінгі қоғамға бейбітшілік пен үйлесімді қайта орнатуға үміттіміз» дейді мұсылман қауымдастығының төрағасы Сабыр Ахмед.
hibatulla.kz