Аудан бас имамы Азамат Берікұлы Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің жамағатына «Пәтуалар жинағы» кітабынан «Ихтикар» тақырыбы аясында пәтуа сағатын өтті.
Ихтикар сөзінің тілдік мағынасы: бір затты қолда ұстап, оның қымбаттағанын күту дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – тағамды (азық-түлікті) және т.б. заттарды сатып алып, бағасы қымбаттағанша ұстап отыру. Пәтуа сағатының соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



17 Ноябрь 2025
26 Джумада-авваль 1447

