Илок Чоркович есімді босниялық азамат Сербиядан 1992 жылы Балқан қақтығысы кезінде қоныс аударуға мәжбүр болған.
Басқа да босқындармен бірге ол Швецияның Эланд аралына аяқ басады. 22 жылдық жұмыс тәжірибесінде ол салық қызметі мен саясатқа дейін көтерілген. Бүгінде Илок Чоркович Эланда аралында орналасқан Борихольм қаласының мэрі лауазымын иеленген.
Өзінің айтуынша, Швецияға келген алғашқы жылдары аз қиыншылықты өткермеген. Барлығын басынан, яғни жоқтан бастауға тура келген. Осы қызмет сатыларына ол жүрекке бекіген сенімімен, ақыл-санасымен, білімі және ынта-ықыласымен жеткен екен.
«Мен ешқандай жұмыстан қашпадым. Босқындар лагерінде дәретхана жуып, көгал тазалау, қонақүйде ыдыс жуу, жеміс жинау жұмыстарын да істедім. Әйелім екеуміз бізге ұсынылған ешбір жұмыстан бас тартқан емеспіз» дейді бүгінгі шенеунік кешегі күнін еске алып.
Қала мэрі ретінде ол Сирия мен Таяу Шығыс елдерінен келіп жатқан босқындардан мәселені емес, әлеуетті күшті көретінін жеткізді. Саясаткер бір кездері өзі тұрған босқындар лагеріне сириялықтарды қоныстандыруға, қабылдауға шешім қабылдаған.
«Мен олардың қандай қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғанын жақсы сезінемін. Мен, әйелім мен балаларым осы кісілердің көргенін көрді. Босқындардың ішінде білімді, сауатты адамдар өте көп. Болашақта швед қоғамымен үйлесім тауып кетуіне жағдай жасауға күш саламыз» дейді мэр.
e-islam