«Дін мен дәстүр» бағыты негізінде Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылында ауыл тұрғындары арасында «Асық ату» ойынынан жарыс өтті. Жарысқа ауылдың үлкені мен кішісі де белсенділік танытып 7 топ қатысты.
Қызықты да тартысты ойынның нәтижесінде 1 ші орынды «Кәшке батыр көшесі» тобы иеленді, 2 ші орынға «Мешіт жамағаты» тобы табан тіреді, 3 ші орынды «8 сынып оқушылары» тобы қанағат тұтты. Ептілік пен шапшаңдық танытып, жеңіске жеткен жандар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі



02 Февраль 2026
14 Шаабан 1447

