Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы «Жаңатұрмыс» мешітінің молдасы Өмірзақов Нұртуғанға қолдау ретінде қаржылай көмек берілді.
Ауыл молдасының бүлдіршіні ауыр сырқатқа шалдыққан себепті Аудан бас имамы қасиетті жұма күні жамағат алдында бес жүз мың теңгелік сертификат табыстады. Мешіт молдасы өз ыстық ықыласын білдіріп, алғыс білдірді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



31 Июль 2026
15 Сафар 1448

