Имам Мүслімнен келген бір хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтыпты: «Расында, күш – садақ атуда».
Наурыз мейрамы аясында орталық «Жәми» мешітінде ерекше шара ұйымдастырылды. Ауыл жастары мен үлкендері садақ ату ойынында өз мергендіктерін сынады. Ұлттық дәстүрді жаңғырту мақсатында өткен бұл шарада мешіт жамағаты белсенді қатысып, көздеп атудың шеберлігін, төзімділігі мен ептілігін көрсетті.
Шара барысында қатысушыларға садақ атудың негізгі қағидалары түсіндіріліп, тәжірибелі нұсқаушылар бағыт-бағдар берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.