Меркі ауданындағы "Меркі ата" және "Жүніс молда" мешіттерінің әйелдер-қыздар жамағаты қасиетті Рамазан айының құрметіне алғашқы рет бірлесіп ауызашар өткізді.
Жиын барысында Құран хатым дұғасы оқылып, Рамазан айының маңыздылығы мен бұл айда жасалатын сауапты амалдар жайында уағыз-насихат айтылды. Жамағат рухани әсерге бөленіп, осындай басқосулардың жиі ұйымдастырылуын қолдайтындықтарын жеткізді.
"Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі