Аққұм ауылы "Тұңғатар" ата мешітінің имамы Дәурен Абатов мешіт жамағатына дәстүрлі емес діни ағымның бірі, елімізде әлі де ошағы сөнбеген “таблиғи жамағаты” туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, бұл ағымның негізгі белгілері, шығу тарихы, қазіргі қолдаушылары мен негізгі шоғырланған орталықтары туралы сөз қозғады. Жиын соңында көпшілік тақырып аясында сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі.